Михаил Шайдоров Төрт құрлық чемпионатында Денис Теннің жеңісін қайталады

Фото: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасы көшбасшысы Михаил Шайдоров Сеулдегі Төрт кұрлық чемпионатында алтын мелаль иеленді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Olympic.kz сілтеме жасап.
Қысқа бағдарламадан кейін топ жарған ол кейіннен басымдықты жіберіп алмай, жеңіске қол жеткізді.
Михаил Шайдоров еркін бағдарламада 190.37 ұпай жинап, жалпы есепте 285.10 ұпай алды.
Қазақстандық құрама атынан барған Диас Жиренбаев 19 орынға ие болды. Ол 166.34 ұпай иеленді.
«Айта кетейік, Михаил Шайдоров бұл турнирде жеңіске жеткен екінші қазақстандық атанды. 2015 жылы Сеулде Денис Тен топ жарған болатын. Ал 2019 жылы Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль жеңіп алған еді»,