Мұхаммед Мохбер Астанадағы ШЫҰ саммитіне келді

Мұхаммед Мохбер Астанадағы ШЫҰ саммитіне келді фото на taspanews.kz от 04 июля 2024 09:08
Фото: UKIMET

Иран басшысының уақытша міндетін атқарушы Мұхаммед Мохер Астанаға келді, – деп хабарлайды Taspanews.kz UKIMET телегарм арнасына сілтеме жасап.


Қонақты елордалық әуежайда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қарсы алды.


Қазақстан биылғы жылы 24-ші саммитті өткізуді қабылдаған ел. Іс-шараның бірінші күні елордаға ұйымға қатысушы елдердің көшбасшылары бірінен соң бірі келді. 


Мохбер алдағы ШЫҰ отырысы аясында Астанаға сапарын жүзеге асырды. 


Еске салсақ, Иран 2023 жылы Нью-Делиде (Үндістан) өткен саммит кезінде ШЫҰ-ның ресми қатысушысы мәртебесін алды.


Жиналыстың негізгі бөлігі 4 шілдеге жоспарланған. Оның ішінде Беларусь мемлекетін ұйымның құрамына қабылдау талқыланады. Александр Лукашенконы бұған дейін елордада күтіп алған.


Следите за новостями Taspanews