Моңғолиядан Алматыға жолға шыққан жолаушылар аязда қалды

Фото: Polisia.kz

Алматы-Өскемен жолы бойымен келе жатқан жолаушылар автобусы ауа-райы қолайсыздығына байланысты қозғалмай, тұрып қалды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Автобус ішінде 19 Моңғолия азаматы мен 4 қазақстандықтың бар болғаны белгілі. Аязды ауа-райына қарамастан жолаушылар қауіпсіз жерге барудан бас тартып, көлік ішінде қалған. Оларға көмек ретінде полиция жағдайды бақылауда ұстады.


Еске салсақ, 8 қарашада Алматы-Екатеринбург тас жолында 34 адам аяздан құтқарылды.


Пост из социальной сети