Мопедтерді тіркеу үшін қажетті құжаттар тізімі жарияланды
Ішкі істер министрлігі мопедтерді тіркеу үшін олардың иелері қандай құжаттар ұсыну қажеттігін атап өтті. Бұл ақпарат Ашық НҚА порталында жария талқылауда, - деп хабарлайды Taspanews.kz Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
Мопедті тіркеу үшін керекті деректер:
1) жеке куәлік (жеке басты сәйкестендіру үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық түрде;
2) Салық кодексінінің 553 және 615-баптарында келтірілген тіркеу алымымен КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттар;
3) бар болса техникалық құжатты немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы дерек;
4) мопед айдаушының өтініші;
5) 12-қосымшаға сәйкес көлік құралын қарап тексеру актісі (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде).
"Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне 7-қосымшаның (КО ТР 018/2011) көлік құралдарының сәйкестендіруге қойылатын талаптарға сәйкес мопед жақтауының нөмірі болмаған жағдайда сәйкестендіру нөмірін уәкілетті орган тіркеу әрекеттері жасалғанға дейін мопед иесінің өтініші бойынша ұсынады",
Мопедтерді тіркеу 3 қазанда жарияланған заңнан 6 ай аспай, 2025 жылдың 3 сәуіріне дейін жүзеге асу керек.
Бұл туралы мәлімет «Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына қосымша ретінде енді.
Еске салсақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң 2024 жылғы 3 қазанда әзірленді.