Мүгедектігі бар балаларға Павлодарлық арнайы әлеуметтік орталықта күш көрсетілген

Фото: Pexels

Павлодар облысында балаларға күш көрсету фактісі анықталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Павлодар облысы прокуратурасына сілтеме жасап.


«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық балалар орталығы» КММ бейнекамераларында кәмелетке толмағандарды ұрып-соғу тіркелді. Бұл денсаулығы дәрменсіз, психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға күш көрсетудің дәлелі болды.


Мекеме қызметкерлеріне қатысты Полиция департаменті тарапынан ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүзеге асады.


«Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында зорлық-зомбылыққа қарсы тексерулер жалғасын табады.