Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бос жұмыс орындары ұсынылмақ

Фото: Pexels

18 қазанда мүмкіншілігі шектеулі адамдар үшін онлайн жұмыс іздеу жәрмеңкесі ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қарағанды облысы әкімдігіне сілтеме жасап.


Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мен ІteachМe қоғамдық қоры бірлесе, дайындаған шараға мүгедектік қағазы бар Қазақстан азаматтары қатыса алады. Бұл мүмкіндік сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін Tanda Enbek сайтында қолжетімді.


Бірінші кезекте Enbek.kz сайтында тіркелу қажет. Содан соң Tanda Enbek-ке кіріп, түйіндеме жүктеп, мәтіндік форматта онлайн-әңгімелесу өткізіп, бейне сұхбат өтуге болады. Жұмыс істеу шарттарымен танысып, белгілі бір жұмыс орнын таңдау үшін артықшылықтарды  салыстыру осы сайт арқылы іске асады.