Мұнай айдау станциясы аумағынан итбалықтың күшігі табылды
Фото: ҚазМұнайГаз
2025 жылы 3 наурыз күні «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының «Қаражанбас» мұнай айдау стациясының аумағынан итбалық күшігі табылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми ақпараттық арнасына сілтеме жасап.
Итбалық күшігі жағалаудан бірнеше шақырым жерде болған. Қалай келгені белгісіз. Станция қызметкерлері оны теңізге апарып, табиғи ортасына жіберді.
«Теңіз станциядан шамамен 5 км қашықтықта орналасқан, бірақ итбалықтың күшігі үшін бұл едәуір алыс қашықтық. Сірә, ол қарлы бораннан адасып, кері жолды таба алмай қалған болар»,
– дейді «Қаражанбас» мұнай айдау стансасы жұмысшылары бақылау-өлшеу құралдары және автоматика слесары Шыңғысхан Ташібай мен электрик Рахат Ғизатуллин.