Мұнай базаларындағы өртті алдын алу бойынша оқу-жаттығулар жүргізілуде

Фото: ҚР ТЖМ

Қазақстанда жарылыс пен өрт қаупі жоғары нысандарда өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілуде, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Мамандар мұнай базалары мен резервуарлық парктердегі шартты өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарын пысықтауда. Алғашқы 9 күн ішінде 20 оқу-жаттығу ұйымдастырылып, оларға Төтенше жағдайлар департаментінің 1200-ге жуық қызметкері, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің 95 бөлімшесі және 300-ден астам өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.


Бұл шаралар өрт қауіпсіздігін күшейту және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мақсатында өткізіледі.