"Мұнда да, онда да бір қазақ тұрады" – Тарихшы қандастар тап болатын қиындықтарды сөз етті
«Оралман» сөзі неге құлаққа ерсі естілгені және ХІХ ғасырдан бастап белгілі бір топтардың қоныс аударуы қалай жүргені жайлы біріміз білсек, біріміз білмеспіз. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бастап тарихи Отанына қайтқан азаматтар саны 14 мыңнан асты. Олардың көп бөлігі Қытайдан келген. Бұл көрсеткіш жоғары болып көрінгенмен, профессор, тарих ғылымдарының докторы және Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Бүркітбай Аяған Taspanews.kz тілшісімен сұхбатта қайтып оралған отандастардың пайыздық көрсеткіші қандастардың жалпы санымен салыстырғанда аз екенін айтты. Аталған мәселенің себебін аша келе, 4,5 миллионнан астам қазақтың шет аймақтарда тұратыны жайлы сөз қозғады.
Тарихты сөйлетсек
Сарапшы қазақ халқының жаппай қоныс аударуы 15 ғасырда Қазақ хандығы Алтын Ордадан бөлініп кеткен кезден бастау алды дейді.
«Орыс казактары да Алтын Ордадан шыққан субэтнос. Бұл туралы Владимир Дальдың еңбектерінен оқуға болады»,
Қазақ хандығының ыдырауы 19 ғасырға шақ келеді. Хандықтың әлсіреуі негізінен екі ірі держава – Ресей империясы мен Қытайдың күшті болып, елімізді қысуымен байланысты болды. Тарихшылар мәліметіне сүйенсек, Қазақ хандығының өмір сүру кезеңі 1847 жылы аяқталған.
«Бұл тарих беттеріндегі әдеттегі жағдай: кей мемлекеттер гүлдеп, көктейді, ал кейбірі жоғалып кетеді»,
1861 жылы Ресей билігінің күшеюіне байланысты бекіністердің белсенді құрылысы басталды. Мәселен, Ямышев, Петропавл және Өскемен бекіністері. Осы кезде екі мемлекет арасында келісімшарттар жасалды. Олар Чугучак және Петербург келісімшарттары. Солар арқылы Орталық Азия аумағы бойынша Қытай мен Ресей империясының шекаралары анықталды. Бүркітбай Аяғанның айтуынша, 1854 жылға қарай Қазақ өлкесі толықтай Ресей отарына айналды. Сол жылдары әйгілі Верный бекінісінің құрылысы аяқталды. Оның аумағында қазір Алматы орналасқан.
«Бұл бекініс негізі қазақтың ежелгі қонысының орнында қаланған. Орыс тарихи жазбаларында бұл жерді адам баспаған дейді, алайда олай емес»,
Автохтонды халық және мәжбүрлі қоныс аудару Тарихшы Ресейде қазақ диаспорасының пайда болуына 1920 жылы Лениннің басшылығымен шекаралардың орнатылуы қалай әсер еткенін түсіндіріп өтті. Бұл шекаралар біз үшін бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтпаған.
«Омбы және Астрахань облыстары – бұл шекара белгіленбей тұрып қазақтар өмір сүрген аймақ. Сондықтан, осы диаспоралар өздерін автохтонды халық деп атайды, яғни олар түп-тамырымыз осында, жергілікті халықпыз және мәжбүрлі түрде қоныс аудармағанбыз деп түсінеді»,
Ол өз сөзінде қазақтар Қытай мен Ресейге тарихи оқиғалардың ықпалымен көшіп кеткенін келтірді. 1916 жылы көтерілісті басу кезіндегі, 1917-1920 жылдар аралығындағы шиеленіс жағдай және өткен ғасырдың 30-жылдарындағы ұжымдастыру кезіндегі аштық себепші болғанын айтады.Аяған Бүркітбай репатриация көптеген ұлттардың басынан өткендігін баса айтты. Бір кездері түркілік билік өкілдерімен қақтығысқа байланысты армяндар туған елді мекендерінен кетсе, әзірбайжандар Иранға қоныс аударып жатты. Кейіннен оралған екен.
Тәуелсіздік алғаннан кейін
Профессордың айтуынша, кеңестік билік басқа халықтар тарапынан елге қайту туралы сұрақ туындағанына қарамастан бұл мәселеге аса назар аудармаған. Одақ ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жағдай түбегейлі өзгерді. Қазіргі уақытта қазақтардың ең үлкен тобы Қытай (шамамен 1,5 миллион) мен Ресейде (600 мыңнан астам) тұрады. Ірі диаспоралар Өзбекстан мен Моңғолияда, кейбірі Түркия мен Ауғанстанда да мекендейді.
«Бізде мәселені біржақты ету керек еді. Аталған аймақтарда тұратын қазақтар азаматтық алу туралы жаппай сұраныс жібере бастады. Үкімет арнайы бағдарламалар мен квоталар дайындады. Осыған ұқсас шараларды көршілес Ресей де "Соотечественник" бағдарламасымен қолданған. Сонда да, шетте қалған 4,5 млн қазақ – бұл өте көп»,
Оралманның орнына «қандас» деген жөн
Құжаттарда бастапқы «репатриант" термині "оралман» сөзімен ауысты, алайда елде бұл құпталмады.
«Қызу пікірталастар 2000 жылдары басталды. Халық мұндай бөлініс дұрыс емес деді. Өйткені мұнда да, онда да бір қазақ тұрады. Тарихи мекенінен тыс қалған қазақтар өздерінің түп-тамырын ешқашан жоғалтпайтынын және ұмытпайтынын түсіну керек. Осыдан келе, көші-қон комитеті "оралманның" орнына "қандас" сөзін қолдану туралы шешім қабылдады»,
Оның ойынша, бұл сөз «оралманға" қарағанда "моральдық сипатқа көбірек ие. "Қаны бір" дегенді білдіреді.
Қазіргі таңдағы жағдай Профессор қазақтарды тарихи отанына қайтару және "қандас» ретінде әкелу оңай көрінгенімен, бұл істің қиындыққа толы екенін айтты. Оған әлеуметтік және экономикалық факторлардан бөлек, саясат та әсер етеді:
«Қандастардың бірі квоталарды көбейтуді сұрайды, бірі болса ұсынылған жеңілдіктерден бас тартуға дайын және тек азаматтық сұрайды. Әсіресе соңғы уақытта Қытайда тұрғандармен жағдайды реттеу қиын. Жергілікті үкімет оларды өз аумағында қалдыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Негізінен Қытайдағы қазақтар тауларда, Нарынқол ауданында, Қазақстанмен шекаралас жерлерде қоныстанады. Оларға арнап мектептер ашылады, уақытша тұрғын үй беріледі. Сонда да, қазақ тілін ығыстыру, қытай тіліне бұру бар»,
Тарих ғылымдарының докторы Қазақстанның өзі мәселе қандастарға келгенде таңдау жасауы керек екенін айтты.
«Бір жағынан, халық санын көбейту мәселесін шешу қажет. Екінші жағынан, осындай миллиондаған адамның күрт және жаппай қоныс аударуы мемлекет экономикасына қатты ауыртпалық түсіреді»,