Мұрат Әбділдә: «Туған үйге жететін жер жоқ екен»

Мұрат Әбділдә сұхбат беруде фото на taspanews.kz от 10 сентября 2024 15:59
Фото: youtube.com/turkistantv

  Желі арқылы танылған әуесқой әнші, блогер Мұрат Әбділдә бостандыққа шыққан соң Turkistan TV арнасына сұқбат берді.


Ол абақтыда отырып, 100 шақты ән шығарғанын айтты.


«Құрметті, ағайын! Мен бостандыққа шықтым. Маған қолдау білдірген барлық жандарға алғыс білдіремін. Екі жылда көп дүние өзгеріпті. Ауылым да өзгерген. Орталарыңызға оралдым. Еліміз тыныш болсын! Жол бойы далаға көз тастап келдім. Туған үйге жететін жер жоқ екен?! Мен өз арқамда шыққам жоқ. Қаншама рет түзету мекемесінің есігін тоздырған адамдардың арқасында бостандықтың таңын көрдім. Абақтыда отырып 100 шақты ән шығарып келдім. Өмірімді түгелімен шығармашылыққа арнаймын», – деп ағынан жарылды әнші.


Айта кетейік, блогер 2022 жылы желіде блогер Мұрат Әбділда әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық алауыздықты қоздырды деген айыппен 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.  


Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews