«My spider man»: Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен ерекше фотосессия жасады

Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

Танымал блогер әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен ерекше фотосессия жасады. Фотосессиядан кадрларды өнер иесі Instagram-дағы ресми парақшасына жүктеді.


Аталмыш фотосуреттерден жұптың «Өрмекші адам» фильміндегі басты кейіпкерлердің образында екенін көруге болады.


Желі қолданушылары жұптың креативті фотосессиясына оң бағасын берді.


«Керемет, недеген идея», «Нағыз фильм кейіпкерлері секілді», «Махабаттарыңыз баянды болсын. Көз тимесінші», «Осы жұпқа ризамын. Әрдайым креатив, фантазия деген ұрып тұр», «Танымай қалдық. Қандай күшті», «Сіздерге барлық образдар жараса кетеді», «Енді басқа кейіпкерлердің образын күтеміз», – деп жазды желі қолданушылары.


Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен бірге