«Нағыз ораза енді басталады»: сарапшы Рамазанның әлеуметтік және рухани мәні туралы мәлімдеді

Осы аптада қасиетті Рамазан айы аяқталып, 30 наурызда Ораза айт басталады. Сарапшылар Taspanews.kz тілшісімен сұхбатта оразаны қалай аяқтау керегін, ораза ұстаудың мәні мен мұсылмандық дәстүрлер туралы мәлімет келтірді.
Дәстүрлер
Теолог Бауыржан Қожагелдиев мұсылмандар таң атқаннан күн батқанға дейін ораза ұстайтын қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіретін Ораза айт исламдағы басты мерекелердің бірі екенін баса айтты. Бұл күннің мұсылмандар үшін маңызы мол, дәстүрі де өзгеше.
Бүл күні алға қойылатын ұстанымдар:
Шүкіршілік ету мен қуаныш сыйлау
Мұсылмандар ораза ұстауға мүмкіндік бергені үшін Аллаға шүкіршілік етіп, қателіктері үшін кешірім сұрайды.
Тазару және игі істер жасау
Мереке алдында мұқтаж жандарға көмек ретінде зекет беріледі.
Намаз оқу және бірлікке ұмтылу
Ораза айт күні таңертең намаз орындалады, содан кейін мұсылман қауым ата-бабаларының бейіттеріне барады.
Қонақжайлылық пен дәм-тұз тарттыру
Бұл күні қонақ шақыру мен сыйлық беру әдетке айналған.
«Бұл мереке мұсылман қауымның рухани тазаруын, мейірімділігі мен бірлігін білдіреді»,
Сарапшы Ораза айт кезінде мұсылмандар үшін парыз болып есептелетін дәстүрлерді атап өтті.
Міндетті амалдар (уәжіп):
1. Оразасының толық болуы үшін мұсылмандардың айт намазына дейін беруі тиіс пітір садақасын мұқтаж жандарға беру.
2. Күн шыққаннан кейін мешітте немесе ашық жерде намаз оқу.
Орындалуы абзал, алайда міндетті емес амалдар (сүннет):
1. Айт намазы алдында дәрет алу (ғұсыл);
2. Таза және әдемі киім немесе жаңа киім кию;
3. Хош иісті заттарды қолдану (ерлер үшін);
4. Намаз алдында тәтті жеу (мысалы, құрма);
5. Мешітке барар жолда Аллаға (Аллаһу әкбәр) мадақ айту;
6. «Айт құтты болсын!» деп сәлемдесу;
7. Туыстарға бару, келіспеушіліктер туындаған адамдармен татуласу.
8. Қайтыс болғандарды еске алу үшін зираттарға бару;
9. Қонақтарды күту, сыйлықтар тарату, әсіресе балаларға қуаныш сыйлау.
«Бұл дәстүрлер мұсылмандарға мерекенің рухын сезінуге, отбасылық және қауымдық байланыстарды нығайтуға көмектеседі, сондай-ақ игі істер мен шүкіршіліктің маңыздылығын еске салады»,
Оразаның мән-мағынасы Теология ғылымдарының докторы Расим Челидзе Рамазан айында оразаның әрбір күні сынақ екенін түсіндірді.
"Таңнан кешке дейін ассыз өмір сүрудің өзі сынақ. Одан бөлек, бір ай бойы ашуланбау керек. Рамазан айында ораза ұстау – өмір сүру деңгейі төмен адамдардың жағдайын түсінуге ғана емес, өзіңді бағалап, сынауға үйретеді. Ораза – тек су мен тамақты тұтынбай, шыдау емес, шүкіршілік пен тағзым ету әрекеті»,
Ғылым докторының айтуынша, ораза игі істерге жұмылдырады және қақтығыстардан сақтайды.
«Ораза және Рамазан айы – бұл нұсқаулық. Нағыз ораза (жаман істерден, жанжалдардан, өшпенділіктен тыйылу) Рамазан айынан кейін басталады деп ойлаймын. Дәл солай намаз да мешіттен шыққан соң басталады. Әрдайым таза жүріп, ниет түзу болу керек»,