Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде қола жүлде иеленді

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық спортшы, Париж Олимпиадасының жүлдегері Нариман Құрбанов Дохада өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Olympic.kz сілтеме жасап.


Ол ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті нәтиже көрсетіп, 14.566 ұпай жинады.


Жеңімпаз – Гамлет Манукян, Армения, 14.700 ұпай. Ал екінші орын Қытай мемлекеті өкілі Яньмин Хунға тиесілі – 14.666 ұпай.


Зейнолла Ыдырысов 14.200 ұпаймен төртінші орында орнықты.


«Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде үш медаль бар. Еркін жаттығуларда Милад Карими бірінші орын иеленсе, Алтынхан Темірбек күміс жүлдені жеңіп алды. 19 сәуірде Карими кермедегі жаттығуларда медаль үшін күреседі. Ал Темірбек тіреуішпен секіруден финалда өнер көрсетеді», – делінген ресми хабарламада.