Наурыз айындағы мерекелерге орай қосымша әуе рейстері іске қосылады
Фото: Pexels
2025 жылы 16-30 наурыз аралығында қазақстандық әуе компаниялар қосымша әуе рейстерін іске қосады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Жалпы саны 120 рейс іске қосылады. Air Astana қосымша 55 ішкі және халықаралық рейстерді, FlyArystan 33 рейсті, Scat 32 рейсті орындайтын болады.
Одан бөлек, Scat әуе компаниясы 29 мамырдан бастап аптасына 2 рет қатынайтын Шымкент-Каир, 28 мамырдан бастап ұшатын Шымкент-Сиань мен 27 мамырдан бастап Шымкент-Будапешт бағыттары бойынша рейстерді қоспақ.
Qazaq Air 1 мамырдан бастап Астана – Самарқанд бағыты бойынша рейс ашады.
Ішкі және халықаралық бағыттар бойынша билет құны өспейді.