Наурыз мейрамына орай "Jibek joly" мен "Керуен экспресс" туристік пойыздары іске қосылады

ҚТЖ фото на taspanews.kz от 06 февраля 2025 09:57
Фото: ҚР ҚТЖ

"Жолаушылар тасымалы" АҚ  туристік бағыттағы Қазақстан мен Өзбекстан аралығына жол тартатын "Jibek joly" мен "Керуен экспресс" пойыздарын іске қосады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚТЖ-ға сілтеме жасап.


"Керуен экспресс" пойызы Алматыдан шығып, Алматы-Түркістан-Ташкент-Самарқанд-Алматы бағытымен жүреді. Жолға 21-наурызда шығып, сапарды 27-наурызда аяқтайды. "Jibek joly" пойызы да Алматыдан жол бастап, Алматы-Түркістан-Ташкент-Самарқанд бағымен жүреді. Туристік сапар 20-25 наурызға дейін созылады.


"Туристік пойыздар заманауи қазақстандық өндірістен шыққан жаңа вагондардан құралған, олардың іші ұлттық ою-өрнектермен безендірілген. «Керуен Экспресс» пойызында 5 вагон бар: 4 купе және 1 мейрамхана вагоны. «Jibek Joly» пойызы 7 вагоннан тұрады, оның ішінде 6 купе және 1 мейрамхана вагоны бар",  – делінген ҚТЖ хабарламасында.

 


Следите за новостями Taspanews