Назым Қызайбай Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, босктан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайға Ұлттық ұлан әскери бөлімі тарапымен құрмет көрсетілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Ұлттық Ұланына сілтеме жасап.
Ефрейтор Назым Қызайбай 2014 жылдан бастап ІІМ Ұлттық ұланының спорт командасын даярлау орталығының маманы қызметін атқарып келеді.
Назым Қызайбай қыз сарбаздар мен сардарлармен, әскери қызметкерлермен кездесуде сый-сияпатқа ие болды. Сонымен қатар, Әскери бөлімінің құрметті қонақтар кітабына естелік қолтаңба қалдырды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Талапкер Әміреев спортшыға алғыс хат пен гүл шоғын табыстады. Одан бөлек, оның халықаралық сайыстарда құқықтық тәртіп әскерінің намысын қорғағаны ерекше атап өтілді. Сол сайыстардың бірі – жақында өткен Сербияның Ниш қаласындағы бокстан әлем чемпионатындағы кезекті жеңіс.
«Бүгін әскери қызметшілермен қызықты кездесу өтті. Ұлттық ұлан әркез маған қолдау білдіріп келеді. Мен үшін бұл – үлкен демеу, әрі мәртебе. Алдағы уақытта да сіздерді жарқын жеңістеріммен қуантуға барымды саламын»,