«Неке жаңғырту рәсімін жасадық»: Қыдырәлі мен Қарақат күміс тойын жасады

Фото: instagram.com/karakat_a

 Танымал жұлдызды жұп Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина күміс тойларын жасады. Бұл туралы әнші Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды Taspanews.kz.


Әбілдина дүбірлі тойдан фото, видео жүктеп, жылы лебізін жазған оқырмандарына алғысын білдірді. Кадрлардан өнер иесінің ақ көйлек, фатамен шыққанын көруге болады. Тойға жиналған көпшілік алдымен неке қию рәсімін тамашалады. Жұлдызды жұптың қуанышында балалары, достары мен жақындары болды.


«25 жыл бұрын некемізді қиған Лесбай қажы, міне, бүгін, күміс тойымызға арнайы қонақ болып келіп, неке жаңғырту рәсімін жасадық. Бұл да Алланың бір жоспары, біздің отбасымызға деген ерекше сыйы деп білеміз. Тілегін жаудырған жақсы адамдарым, сіздерге де осындай той жұғысты болсын», – деп жазды әнші.  


Пост из социальной сети