«Немере бағуға дайын»: Мақпал Жүнісованың кішкентай балаға ән салып берген видеосы елді сүйсіндірді

Мақпал Жүнісова фото на taspanews.kz от 27 сентября 2024 13:00
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстандық танымал әнші Мақпал Жүнісова Оралда естелікке суретке түсуге келген кішкентай жанкүйеріне ән салып берді. Мұны көрген желі қолданушылары өнер иесінің балажан екенін айтуда. Бүл туралы Taspanews.kz Мақпал Жүнісованың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Мақпал Жүнісованың сөзінше, балапанның көңіл күйі болмай тұрған.


«Оралда суретке түсуге келген тәтті бала қабағын түйіп ,көңілі болмай тұр екен,содан ән айтып күлдіртіп жібердім,бақытты болсын!», – деп жазды әнші.


Instagram
Пост из социальной сети

Мұны көрген желі қолданушылары әншіге сүйсініп, жылы лебіздерін білдірді.


«Немере бағуға дайын ғой», «Қай әнші осылай кішкентайдың көңілін табады», «Өзіңізге де осындай сәби бұйырсын, Мерейдің қызығын көріңіз», «Сондай қарапайым жансыз», «Көңіліңіз аппақ, аман болыңыз», – деп жазды желі қолданушылары.  


Следите за новостями Taspanews