Ninety One әншісі әке атанды

Фото: instagram.com/_zhangalova

Қазақстандық танымал әнші, атақты Ninety One тобының мүшесі Батырхан Мәліков балалы болды. Өнер иесі қуанышты жаңалығын Instagram-дағы ресми парақшасында бөлісті. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды. 


Батырхан Мәліков пен Вероника Жанғалова ата-ана болғандарын айтып, перзентханада түсірілген фотоларды жариялады.


«Біздің қолымыздан келді», – деп жазды олар.


Желі қолданушылары әншінің отбасымен бірге қуанып, жылы лебіздерін арнады.


«Бауы берік болсын», «Бақытты болыңыздар», «Өзім туғандай қуанып отырмын», «Қандай қуанышты жаңалық», – деп жазды желі қолданушылары.  


Пост из социальной сети