Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ Бас хатшысы болып тағайындалды

Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ Бас хатшысы болып тағайындалды фото на taspanews.kz от 04 июля 2024 15:54
Фото: 24KZ

Астанада өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) жыл сайынғы саммитінде әлемдік қоғамдастықтың назарын аударған маңызды шешім жарияланды: Қазақстандық өкіл Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ-ын 2025 жылдан 2027 жылға дейін бас хатшы ретінде басқаратын болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz БЕЛТКЕ сілтеме жасап.


1963 жылы туған Шымкент тумасы Нұрлан Ермекбаев Мәскеудегі КСРО Қорғаныс министрлігінің әскери Қызыл Ту институтында білім алып, Анголадағы Кеңес Одағының әскери миссиясына қатысқан. Бай кәсіби тәжірибесі бар Ермекбаев Қазақстанның саяси ортасында негізгі лауазымдарды атқарды.


Оның мансаптық жолы Қазақстанның Аспан асты еліндегі Елшілігінің кеңесшісі, Сыртқы істер министрінің орынбасары, Президенттің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы және Қазақстанның Қорғаныс министрі лауазымдарынан тұрады.


Қытайдан келген ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин 2025 жылғы 1 қаңтарда ротациялық қағидатқа сәйкес өз өкілеттігін Ермекбаевқа береді. 


Следите за новостями Taspanews