Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев "Ұстаздар күнімен" құттықтады

Фото: Freepik

Қазақстан Республикасында бүгін "Мұғалімдер күні" тойлануда. Осыған орай, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


Халықаралық ұстаздар күні елде қазанның әр бірінші жексенбісінде тойланатын. 2023 жылы нақты күн 5 қазан болып бекітілді. 


Ғани Бейсенбаев құттықтаудан соң, өз сөзінде «Педагог мәртебесі» туралы заңның қабылданғанына да 5 жыл толғанын, мұғалімдердің жалақысы 2 есе өскенін және олардың артық міндеттемелерден босағанын баса қуанышпен айтты. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы туралы сөз қозғалды. Халықаралық олимпиадалардан, робототехника жарыстарынан топ жарғандар атап өтілді.


Бүгінде оқу-ағарту жүйесінде 600 мыңға жуық педагог еңбек етуде. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында педагог мамандығының беделін арттыру бойынша орасан зор шаралар жүзеге асырылды. Сіздерді кәсіби мерекеміз — Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! – деді Ғани Бейсембаев.