Оқу-ағарту вице-министрі ата-аналардың "Күнделік" жүйесіне шағымына жауап берді

Фото: Күнделік ресми YouTube арнасы

Оқу-ағарту вице-министрі Арай Оразова Күнделік жүйесіне түскен шағымдармен жұмыс жүргізгені туралы мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Taspanews.kz жеке Facebook парақшаға сілтеме жасап.


Ата-аналар байқап қалған  “Күделік жүйесіндегі” баланың жасына, психоэмоционалдық ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін жарнамалардың орналастырылуын ескерілді. Одан бөлек, мәлімдемеде ААЖ "Күнделік" кей міндеттемелерді орындалмағаны келтірілді. Оқу-ағарту вице-министрі жүйе өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, қызмет көрсету сапасын арттыруды алдыға қойғанын айтты.


"Күнделік" жүйесіне қатысты министрлік мемлекеттік серверлерде хостингті ұйымдастыру және интернет-ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Бұл еліміздің барлық аумақтарында білім беру сервистеріне қолжетімділік үшін жасалуда. Ақпараттық жүйелер саласындағы барлық өзгерістер мен инновациялар заңнаманың талаптарына қатаң сәйкес білім алу және беру саласына қатысушылардың мүдделерін ескере отырып жүзеге асырылады", – Арай Оразова.

Сонымен қатар, ол мектептер EdTech-те Күнделіктен өзге де кез-келген жүйені таңдай алатының еске салды.