«Ол Индирадан алты жас үлкен»: Гүлзира Айдарбековаға оқырман пікірі ұнамай қалды

Гүлзира Айдарбекова фото на taspanews.kz от 26 сентября 2024 16:12
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова кіші ұлының экс-келіншегі туралы сөз қозғаған оқырманын орнына қойды. Бұл туралы Taspanews.kz Гүлзира Айдарбекованың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Желі қолданушысы Заңғардың экс-жұбайы Жібекті «қазіргі келіншегінен ақылдырақ» деді. Бұл сөзге ашуланған продюсер келінін жақтады.


«Жібектің кімі боласыз? Ол Индирадан алты жас үлкен. Оның жасына жеткенде бәрін үйренеді. Индира әлі жас. Қайтесіз салыстырып, жақын білмеген соң. Біреудің перзентін кемсіту – өзіңіздің кемшілігіңіз. Сіздікі шындық емес. Ішіндегі күйік өртеп, титімдей қызды өсектеп отырсыз. Келінімнің ақылы да, миы да сізден көп. Индираны онымен салыстырма», – деп жазды продюсер.  


Следите за новостями Taspanews