Ольга Рыпакова жеңіл атлетика федерациясының президенті болды

Фото: Olymic.kz

Даниял Ахметовтің орнына Ольга Рыпакова Жеңіл атлетика федерациясын басқаруға тағайындалды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.


Бұл шешім Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының 2024 жылға жұмысын қорытындылау барысында қабылданды. Даниял Ахметов өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын айтып, өз орнына жеңіл атлет, Лондон Олимпиадасының чемпионын ұсынды. Жиынға қатысушылар бұл кандидатураға келісімін білдірді. Кездесуде қазақстандық атлеттердің жеңістері атап өтіліп, жаңа бастамалар талқыланды.