Олимпиада жеңімпаздары Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевты жанкүйерлер Алматы әуежайында күтіп алды (видео)

Фото: olympics.com

Париж Олимпиадасының чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов пен ойындардың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевтың Алматыға салтанатты оралуы орын алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz


Алматы әуежайында жүздеген жанкүйерлер өздерінің сүйікті дзюдошыларын қарсы алды. Қырғызбаев сыйлық ретінде автокөлік алды.


Фото: taspanews.kz

Еске салсақ, Париждегі Олимпиадада Елдос Сметов финалда Франциядан келген қарсыласы Лука Мхейдзені жеңіп, "алтын" жеңіп алды.


Ал Ғұсман Қырғызбаев "қола" үшін шайқаста Сербия өкілі Страхина Бунчичті жеңді.