Олжас Бектенов әлеуметтік осал отбасылар үйінде түтін анықтайтын жүйе құруды тапсырды
Фото: Freepik
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жылыту маусымына дайындықтың осал екенін айтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz PrimeMinister_kz сілтеме жасап.
Олжас Бектенов әлеуметтік осал жағдайдағы отбасылардың үйінде түтін анықтайтын жүйелер тегін түрде қойылу қажеттігін айтты. Осы орайда Жетісу, Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласында жұмыстар жеткілікті деңгейде жүргізілмегені келтірілді.
Ендігі кезекте, әкімдіктер мен ТЖМ өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізетін болады.