Омбыда Қазақ Ұлттық университетінің филиалы ашылды
Фото: Pexels
Омбыдағы "Қазақ Ұлттық университеті" филиалы 3 мамандық бойынша студенттерді қабылдауды жоспарлауда, – деп хабарлайды Taspanews.kz Президенттің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің" филиалының Ф.М. Достаевский атындағы "Омбы мемлекеттік университетінің" базасында ашылуына Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бейнебайланыс арқылы қатысты.
Келесі 3 оқу бағдарламасы бойынша бакалавр мен магистрлар дайындалады:
1. Халықаралық құқық;
2. Қазақ филологиясы;
3. Кеден ісі.
Талапкерлерді қабылдау 2025 жылдың қыркүйегінен басталады. Екі мемлекет тарапынан барлығы 200 грант бөлінді. Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүреді.