Омбыда Қазақ Ұлттық университетінің филиалы ашылды

Фото: Pexels

Омбыдағы "Қазақ Ұлттық университеті" филиалы 3 мамандық бойынша студенттерді қабылдауды жоспарлауда, – деп хабарлайды Taspanews.kz Президенттің ресми сайтына сілтеме жасап.


"Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің" филиалының Ф.М. Достаевский атындағы "Омбы мемлекеттік университетінің" базасында  ашылуына Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бейнебайланыс арқылы қатысты.


Келесі 3 оқу бағдарламасы бойынша бакалавр мен магистрлар дайындалады:


1. Халықаралық құқық;


2. Қазақ филологиясы;


3. Кеден ісі.


Талапкерлерді қабылдау 2025 жылдың қыркүйегінен басталады. Екі мемлекет тарапынан барлығы 200 грант бөлінді. Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүреді.