«Өмірі өзегім талып шапқылаймын да жүремін»: Дана Нұржігіт ең алғаш сөзінде тұрмағаны жайлы айтты

Фото: instagram.com/dana_nurzhigit

   Танымал журналист әрі тележүргізуші Дана Нұржігіт сөзінде тұрмаған жайлы айтып берді. Ол ендігі жерде бірінші орынға өзін қоятыны жайлы жазды. Бұл туралы Taspanews.kz Дана Нұржігіттің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Медиа маманының сөзінше, ол «шапқылап жүргенімен, оның басына ешкім көк тас орнатпайды».


«Жатар алдындағы ойлар ғой… Кеше өзім үшін үлкен жаңалық болған оқиға басымнан өтті. Бұрын соңды жасамаған ісім. Үлкен форумға қатысуым керек еді. Таңертең басымды көтере алмай, дел-сал боп ояндым. Алда қандай күн болатынын біліп, ұйымдастырушыларға тлф шалдым. Шынымды айттым. Басым солқылдап, жүрек айнып, жағдайымның болмай тұрғанын. Тлф арғы жағындағы адам мені «естімеді». Түсінемін, бәрі ең алдымен өз жағдайын ойлайды ғой. Мен алдын ала ескерткенім дұрыс дегенім жайына қалды. Сенің хәліңді ойлайтын ешкім жоқ екен. Осы кезде мен өмірімде жасамағанымды жасадым. Не болса да,эфир үшін жан пида деуші едім бұрын,сөз бердің бе, өл,тал-жаса дейтін едім! Осы жолы отырған орнымнан тапжылмай, солқылдаған басымды орап алып, бүк түсіп жатып алдым.


Мұндай «Дананы» мен өзім де жаңа көріп тұрмын! Менің жан ұшырып жүгіргенім үшін, басыма ешкім көк тас орнатпайды. Өмірі өзегім талып шапқылаймын да жүремін.Тұра алмай жатырмын дегенді еститін құлақ жоқ. Осы жолы мен өзімді таңдадым! Айттым бітті! Қазір! Дәл қазір мен өзіме керекпін! Алдымен өзімді жарылқап алайын дегенім айып емес шығар?! Біреуге қуат беру үшін, өзің жанып тұруың керек. Тәнің ауырып, жаның қуыс боп тұрса, неңді бересің?! Мұндай кезде тек өзіңді таңда дедім өзіме! Осыдан кейін,білесіз бе, тіпті баяғыда өзімді өзім жеп қоя жаздайтын кеудеңдегі құрт та өліп қалғандай, тым тырыс болды да қалды.Айыпты болдым, ұят болды-ау деген ой да келмеді. Мен «жоқ» дей алатын болыппын. Өзімді таңдайтын болыппын деп рахаттанып қалдым! Кім не ойлайды деген «азаптан» азат болғаннан артық не бар», – деп жазды тележүргізуші.  


Пост из социальной сети