Он жасар қыз Атырауда бассейнге батты
Фото: Pxhere
14 шілде, жексенбі күні Атырау қаласындағы "Мұнайшы" спорт кешенінде 10 жасар оқушы жабық бассейнге батты, – деп жазады Taspanews.kz ATYRAU ONLINE Telegram арнасына сілтеме жасап.
Кешенде бір метрлік балалар бассейні болғанына қарамастан, бала ересектерге арналған резервуарда табылған. Оның тереңдігі – 2,5 метр. Оқушыны үлкен әпкесі бір реттік билетпен алып келген.
Тергеу басталған, сот-медициналық сараптама жүргізіледі. 141-баптың 2-бөлігі бойынша (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау, абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет) қылмыстық іс қозғалды.