«Оңдырмай алдап кетті»: Жұлдыз Әбдікәрімова соттасқалы жатқанын мәлімдеді

Жұлдыз Әбдікәрімова  фото на taspanews.kz от 26 сентября 2024 15:56
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimova

Қазақстандық танымал актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жақын деп сенген адамына алданып қалғанын айтты. Айтуынша, іші-бауырына кіріп, жанынан шықпай жүрген «жақыны» актрисаның «дүниесін есептеп жүрген». Ол бұл туралы Instagram-дағы ресми парақшасында айтты. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды. 


Әбдікәрімова оның жағдайын пайдаланып, бірнеше жерге қол қойғызып алған адаммен соттасатынын айтты.


«Осыдан 3-4 жыл бұрын жақын адамымнан опық жедім. Оңдырмай алдап кетті. Барымды тартып алды. Жаным, күнім, барым деп жүрген жаннан сатқындық көремін деп ойладым ба? Қазір есіме түсіп отыр. Ол кездер мен үшін сынақты күндер еді. Жаным қиналып, айналамнан ақыл сұрайтын адам таппай, басымды тауға да, тасқа да соғып жүргем. Сөйтіп сенделіп жүргенде күндей жарқ етіп, алдымнан бір кісі шықты. Бәлкім менің құтқарушым осы болар деген ой жылт етті. Содан ол адам іші-бауырыма кіріп, мұңымды тыңдап, сырымды біліп, үйімнен талай ас ішті. Сөйтсем, оның өз жоспары болған екен. Адамның аласы ішінде, малдың аласы сыртында.


Қит етсе қалімді сұрап, менің басымдағы проблемамды өзінікіндей көріп, уайымдап жүрді. Мен болсам ештеңеден хабарым болмай, Жаратқанға алғыс айтумен болдым. Қысқасы, қасымда жарты жыл жүріп, мендегі бар құнды дүниені санап жүрген екен. Мен өз қайғымнан есімді жия алмай жүргенде, ол біраз құжатқа қолымды қойдырып алды. Ертең сол кісімен кездесуге барамын. Мәселе шешілмесе сотта кездесеміз. Егер оқырманым талап етсе, соттың ашық түрде, ел алдында онлайн трансляциялануын талап етемін Сотта оқиға бүге-шүгесіне дейін айтылады. Әділ өтеріне сенемін. Ол адаммен 2 жыл бойы телефонмен сөйлескен әңгіменің барлығы заңды түрде іске енді», – деп мәлімдеді өнер иесі.


Следите за новостями Taspanews