Онкологиялық науқастар қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі

Онкологиялық науқастар қажетті дәрі-дәрмектерсіз қалмайды фото на taspanews.kz от 18 июля 2024 09:10
Фото: ҚР ДСМ

Онкологиялық науқастарға қажетті дәрі-дәрмектерді алуға кепілдік беріледі, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ДСМ-не сілтеме жасап.


Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық және онкогематологиялық аурулармен ауыратын науқастарға дәрі-дәрмектерді жеткізуге ерекше назар аударады.


Дәрі-дәрмектерді жеткізудегі кез келген кідірістердің алдын алу мақсатында ведомство қажетті препараттармен уақытылы қамтамасыз етудің нақты алгоритмін белгіледі.


Ешқандай науқас қажетті емделусіз қалмайды.


Облыстық денсаулық сақтау басқармалары мен онкологиялық орталықтар ахуалға тұрақты мониторинг жүргізеді.


Қажетті ақпаратты алу үшін 8 (7172) 570 950 нөмірі бойынша Call-орталық жұмыс істейді, онда онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері бойынша өтініштер қалдыруға, сондай-ақ емдеуден бас тарту жағдайлары туралы хабарлауға болады.


Дәрі фото на taspanews.kz от 18 июля 2024 09:10
Фото: ҚР ДСМ
Следите за новостями Taspanews