Оңтүстік Кореяда қазақстандықтар мінген көлік апатқа ұшырады

istockphoto.com фото на taspanews.kz от 28 марта 2025 09:26
Фото: istockphoto.com

27 наурызға қараған түні Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматтары жол көлік оқиғасында қаза тапты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Korea JoongAng Daily басылымына сілтеме жасап.


Оқиға Хвасон қаласында (Кенгидо) болды.


"Mercedes-Benz көлігі қатты жылдамдықпен қоршауға соғылып, биіктен құлап, өртеніп кетті. Көлік өртенбес бұрын бірнеше метрге ұшып кеткен. Куәгерлер құтқарушыларды шақырғанымен, өрт 30 минуттан соң ғана сөндірілді. Көлік ішінен төрт адамның мәйіті табылды", – деп жазады

Қаза тапқандардың аты-жөні әлі анықталмағанымен, олардың барлығы Қазақстан азаматтары екені белгілі.


Қазіргі таңда Оңтүстік Корея полициясы қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


Следите за новостями Taspanews