Орал қаласында жоғалған жеті турист табылды

Фото: Midjourney

19 шілдеге қараған түні Орал қаласында құтқарушылар 7 адамнан тұратын туристік топқа көмектесті, – деп жазады Taspanews.kz 112 Telegram-арнасының ақпаратына сілтеме жасап.


Туристер орманды алқапта адасып, қалаға шығатын жолды таба алмаған.


ТЖМ қызметкерлері оларға елді мекенге жетуге көмектесті. Ешкім зардап шеккен жоқ, медициналық көмек қажет болмады.