Орал қаласында бақылау-қадағалау органдары мен бизнес өкілдері кездеседі

Фото: Pexels

Батыс Қазақстан облысында бүгін жергілікті кәсіпкерлерге арналған "бірыңғай есеп күні" өтеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Мой город ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.


БҚО баспасөз қызметі іс-шара сағат 15:00- де Орал қаласында, облыс әкімдігі залында орын алатынын мәлімдеді.


 "ҚР Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша өңірлерде бизнес-қоғамдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының "бірыңғай есеп беру күнін" өткізу енгізілді. Бұл бұзушылықтардың алдын алу және кәсіпкерлердің сауаттылығын арттыру үшін жасалуда", - деді әкімдікте.

Айта кетсек," Бірыңғай есеп күні " кездесу форматында өтеді.