Орал қаласының 462 тұрғыны баспана алуға құжат алды
Оралда 462 адам баспана алуға құжат алды, деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Темір жол министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгінде 462 оралдық жеке пәтерлеріне құжат алса, 266 отбасы жаңа баспаналарына қоныстанып үлгерді.
Қазіргі кезеңдегі басым мәселелердің бірі – еліміздің 9 өңірінде зардап шеккен су тасқынының зардаптарын жою. Бұған дейін алынған ақпаратқа сәйкес, зардап шеккен аудандардағы тұрғын үйлерді қалпына келтіру барысын ҚР Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жеке бақылап отыр.
Өткен демалыс күндері Қанат Шарлапаев тағы да Батыс Қазақстан облысына аттанды. Бөрлі ауданындағы Ақсу, Аралтал, Кеңтүбек, Пугачево ауылдарында болды. Министр салынып жатқан бірнеше жобаны аралап көріп, жергілікті әкімдіктің, құрылыс компанияларының және бағалаушы ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өткізді. Сондай-ақ қираған баспананың орнына жаңа баспананың кілті табысталып жатқан тұрғындармен кездесулер жоспарланған.
Соңғы мәліметтер бойынша Оралда су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арналған 450 тұрғын үйдің құрылысы жақын арада аяқталады.
Сонымен қатар, Оралда зардап шеккен азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін жеке құрылыс салушылардан 580 пәтер сатып алу жоспарлануда.