Оралда 25 жыл бұрын адамды қаза қылғаны бойынша күдіктілер ұсталды

Фото: Polisia.kz
Оралда 2000-жылы, желтоқсан айында 2 адамды оқпен атып түсіргені бойынша күдіктілер анықталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
ҚР ІІМ мен прокуратура органдары адамды қаза етуді тапсырыс берген мен тапсырыс орындағаны бойынша екі күдіктіні анықтады.
Көп жылдар бойы қылмыс айқын дәлелдердің жоқтығынан ашылмай келді. Сотқа дейінгі тергеу нәтижесі кезінде дәлелдерге қол жеткен соң, қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қаржылық тұрғыдағы келіспеушіліктер себеп болған.
Polisia.kz