Оралда адам өлтіру бойынша айыпталушының әкесі журналистке қол жұмсаған

Фото: Pexels
Орал қаласындағы сот отырысы барысында айыпталушының әкесі umarovnews.kz сайты журналистіне қол жұмсады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР МАМ сілтеме жасап.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл туралы өз мәлімдемесін жасай келе, журналист Талғат Омаровтың құқығын қорғауға дайын екенін мәлімдеді. Оған сотта қорғаушы қамтамасыз етіледі. Құқықтық қолдау көзделген.
Министрлік заңды журналистік қызметке кедергі келтіру бойынша арнайы қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын түсіндірді.