Оралда колониядағы сотталғандар азапталған

Мой город фото на taspanews.kz от 21 февраля 2025 14:28
Фото: "Мой город" сайты, видеодан алынған суреттер

Әлеуметтік желілерде Оралдағы №28 қылмыстық-атқарушылық мекемесіндегі асыра сілтеушілік деректері тарауда, – деп хабарлайды Taspanews.kz Мой город ақпараттық сайтына сілтеме жасап.


Колониядағы қамауда жазасын өтеушілер бейнеролик түсіріп, онда қанмен жазылған қабырғаны көрсетті.


Одан бөлек, онкологиялық дертке ұшыраған ер адам бөлмелер тым тар екенін айтып, ылғалдылық көп екенін түсіндірді. Басшылық тарапынан провокациялық әрекеттер көп екенін айтты. Арыз жазғанмен шара қолданылмайтынын жеткізіп, халықтан көмек сұрады.


"Тағы бір сотталған азамат та азаптауға шағымданды және егер олармен бір жайт болса, прокурордың орынбасары, режім бөлімінің бастығы, отрядникті кінәлау керек деп мәлімдеді", 


– делінген Мой город ақпаратында.


Жаза өтеушілердің айтуынша, колония қызметкерлері үнемі ұрып-соғып, қорлап, сотталғандарға тиісті заттарды алып қойып, өз-өзіне қол жұмсауға итермелейді.


Батыс Қазақстан облысы Қылмыстық атқарушылық жүйе департаменті баспасөз хабарламасында мән-жай анықталуда екені келтіріледі. Қызметтік тексеру жүргізіледі.


Следите за новостями Taspanews