Оралда күшік даладағы әжетханаға құлап кеткен

Фото: 112batys.kz

Оралдағы жер үйлердің бірінде күшік даладағы әжетханаға қүлап кетті, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Дауысын шығарып, көмек сұраған итті қожайындары құтқармақ болғанмен, бұл қолдарынан келмеді.


Төтенше жағдайда ТЖМ құтқарушылары көмекке келіп, арнайы ит ұстайтын құрықпен оны тереңдіктен шығарды.


Күшік үй иелеріне табысталды. Қыз бала қуанышты екенін айтып, әлеуметтік желіде алғысын білдірді.