Оралда Ұлттық ұлан сарбаздары буллингке ұшыраған қызды құтқарды

Фото: Freepik

Орал қаласының көшелерінде көмек сұраған қыздың дауысын естіген ұландықтар оқиға орнына асыққан, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


Екі жасөспірім қызды жан-жақты қоршап, соққыға жыға бастаған. Осы кезде, Ұлттық ұлан сарбаздары төбелеске айналған дау басталған орынға жетіп үлгерді. Орталарына түсіп, жағдай реттелді.


Қыздың денсаулығына әсер ететін ауыр жарақаттар жасалмағаны анықталды. Ол медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Ал жасөспірімдер құқық қорғау органдырында.