Оралда заңсыз темекі өнімдері табылды
Фото: Polisia.kz
Оралдағы алко дүкендердің бірінде заңсыз тұрғыда сатылған темекі өнімдері аса ірі көлемде табылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Анықталған құралдардың ішінде 22 электронды темекі, 58 кальянға арналған темекі қоспалары бар.
Күдіктінің үйінде арнайы сұйықтықтар мен тағы үш электронды темекі табылды.
Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.