Оралға өрттен зардап шеккен балалар жеткізілді

Pexels фото на taspanews.kz от 25 ноября 2024 13:27
Фото: Pexels

22 қараша күні Оралдағы өрттен терезе арқылы секіріп шыққан балалар мен ананың жағдайы белгілі болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Мой город сайтына сілтеме жасап.


Балалар 22 қараша күні ұшақпен облыстық көппрофилді ауруханаға жеткізілді. Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасы екі баланың да травматология бөлімінде екенін мәлімдеді. Жарақаттары орташа деңгейде ауыр, жағдайлары тұрақты. Бірі кеуде тұсынан, екіншісі басынан жарақаттанған.


Балалардың анасының белден жоғары бөлігі, беті, арқасы және қол-аяғының термиялық күюі тіркелді. Денесінің 45-50%-ға өрт шалды. 


Еске салсақ, 22 қарашада Ақсай ауданында 4-қабаттағы тұрғын үй өртеніп, өрт 60 шаршы метрге тарады. 


Следите за новостями Taspanews