"Өрт сөндіру көлігіне жол бер!» акциясы өткізілді

Фото: ҚР ТЖД

Астанада жүргізушілер арасында көлік тәртібін жақсарту бойынша акция аяқталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Астана қаласы ТЖД-на сілтеме жасап.


Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) Полиция департаментімен бірлесіп "Өрт сөндіру автокөлігіне жол бер!» атты алдын алу акциясын ұйымдастырды. Мұндағы мақсат – жедел тапсырма бойынша шыққан өрт сөндіру көлігіне жеңіл көлік жүргізушілері кідірмей жол босату дисциплинасын жетілдіру.


Акция барысында жүргізушілердің біріне қатаң ескерту жасалды, сондай-ақ түсіндіру профилактикалық әңгіме жүргізілді.


Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары, біз сіздерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және маяктар мен дыбыстық сигнал қосылған жедел қызметтердің автомобильдеріне жол беруге шақырамыз.