Орталық Азия елдері мен Германия канцлерінің кездесуінде ынтымақтастық талданды

Фото: Ақорда

17 қыркүйекте Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия Федералдық канцлерінің кездесуі өтті, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев самитті ашып, "Орталық Азия – табысты Қазақстан» формуласына сай «Орталық Азия плюс» форматындағы ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылатынын жеткізді".


Саммитте:


Энергетикалық саладағы ынтымақтастықты кеңейту;


Өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, оның ішінде Германияға аса маңызды материалдарды жеткізу көлемін ұлғайту;


«Жасыл» энергияға көшу және су ресурстарын сақтау мәселеcіі;


Халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту.


Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық кеңес құру туралы ұсынысты қолдайтынын айтты.


Аталған орган неміс инвестициясын тартуда және Орталық Азия мемлекеттері мен Германия арасындағы өзара ықпалдастықтың орнықты институционалдық базасын қалыптастыруда белсенді рөл атқара алады,  – делінген хабарламада.