Өскемен тұрғыны алаяқтықтан 114 миллион теңгеден астам шығынға батқан

Фото: structuresxx / Getty Images

Өскемен тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болып, 114 миллион теңгеден астам шығынға ұшырады. Осыған ұқсас қылмыс жасаған күдікті анықталып, жазасын өтеп жатыр, - деп хабарлайды Taspanews тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.


Өскемен тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болып, 114 миллион теңгеден астам ақшасын жоғалтты.


Жәбірленуші полицияға арызданған, сонау 2020 жылы оның танысы кәсіпкерлікпен айналысамын деген желеумен одан ірі көлемде ақша сұрап, алдап кеткен. Ер адам ақшаның қайта сатуға арналған автокөліктер, металл өндіруге арналған экскаватор, азық-түлік және жеке пайдалануға арналған қымбат шетелдік автокөлік алуға жұмсалғанына сенімді. Ол сонымен қатар атақты брендтердің көшірмесін сатуға көмектесуге уәде берді, бірақ оларды алғаннан кейін қайтармады.


Келтірілген шығынның жалпы сомасы 114 миллион теңгеден астам. Полицейлер қылмыстық іс қозғады, күдікті 39 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны екені анықталды, бұрын осыған ұқсас қылмыс үшін сотталған, қазір жазасын өтеп жатыр. Тергеу шаралары жалғасуда. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігіне сәйкес, ірі көлемдегі алаяқтық – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салынып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.


Бұған дейін Ақтөбе тұрғыны сот арқылы бұрынғы жігітінен көлік сатып алу үшін 9 миллион теңге талап еткені хабарланған болатын. Ер адам өз кінәсін мойындамаса да, бұрынғы сүйіктісін және тағы бір танысын алдағаны үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.