Өскеменде 4 қабатты жатақханадан өрт шықты

Фото: Pexels
2025 жылдың 20 сәуірінде Өскемен қаласы, Темирязев көшесі бойындағы 4 қабатты жатақхананың 1-ші қабатынан өрт шықты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Бірінші қабаттағы бөлмелердің ішінде жиhаз жанды. Жоғары қабатта орналасқан 68 тұрғын, оның ішінде 19 бала қалың түтіннен ТЖМ тарапымен сыртқа шығарылды.
Өрт тез арада сөндірілді. ТЖМ апаттар медицинасы орталығы дәрігерлері тұрғындарға алғашқы көмек көрсетті.