Өскеменде құрылысқа үлескер 102 азамат тұрғын үйсіз қалды
Фото: Қаржы мониторингі агенттігі
Өскеменде құрылыс компаниясының екі топ-менеджері үлескерлермен жалған келісімшарттар жасасып, 1,8 млрд теңге қаражатты заңсыз иемденген, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚМА сілтеме жасап.
Компания заң талаптарын бұза, үлескрлердің қаражатын тартуға рұқсат құжаттары болмаса да, жалған келісімшарттар жасаған. Нәтижесінде, көппәтерлі үйдің құрылысы бірнеше рет шегеріліп, аяқталмады.
Күдіктілер ұсталып, тергеу изоляторына жіберілді. Тергеу барысында зардап шеккендерге қаражат қайтару мен тәркілеу жүргізу мақсатында күдіктілердің 2,3 млрд теңгелік мүлкіне тыйым салынды.