Өскеменде пәтер алуға көмектескен адам алаяқ болып шықты

Фото: Pxhere

Өскемен қаласында жергілікті тұрғын үшін жағымсыз оқиға орын алды. Үй сатып алуға көмектеспек болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Жәбірленушінің айтуынша, айыпталушы пәтер сатып алуды өте тиімді бағамен ұйымдастыра алатынын айтқан. Әйел оған 500 000 теңге ақша беріп, үйді алу бойынша іс-әрекет күтеді. Ер адам қаражатты алып, ізін суытқан.


Шығыс Қазақстан облысы полицейлері қысқа мерзімде алаяқтың жеке басын анықтай алды. Күдікті 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Құқық бұзушылықтардың тізімінде бұл алаяқтықтан өзге де жайттар болған. Ұсталғаннан кейін алаяқ өз кінәсін жоққа шығармады.


Тергеу басталды. Күдікті уақытша изоляторда ұсталады.