Қостанай облысында жоғалған қарт кісі табылды

Фото: Midjourney

Қостанай облысының Амангелді ауданында 66 жастағы әйел Амангелді ауылынан Алтыбас қыстағына жаяу барып, тоғыз сағат бойы ешкіммен байланыс орнатпаған , деп жазады Taspanews.kz ҚР ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.


Әйелдің туғандары құтқарушыларға жүгінді. ҚР ТЖМ қызметкерлерінің күшімен ол шыққан ауылынан бес шақырым жерде табылды. Адасқан әйелге дәрігерлердің көмегі қажет болмады.